Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысы тоқтап тұр

20.05.2025 Қоғам
5

Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысы алға баспай жатыр, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ).

«ҚМГ Қарашығанақ жобасындағы серіктес ретінде кен орнында жылына 4,5 миллиард текше метр шикі газды өңдеуге арналған газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша ілгерілеудің жоқтығына алаңдаулы», – делінген ҚМГ басшысы Асхат Хасенов пен Shell барлау және өндіру бөлімшесінің өкілі Питер Костелло арасындағы кездесуге сілтеме жасалған хабарламада.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қарашығанақта, оның ішінде ҚазМұнайГаздың үлесін қосқанда, 3,8 миллион тонна мұнай өндірілген. Бұл жоспардан жоғары көрсеткіш. Жыл соңына дейін 11,14 миллион тонна мұнай және 25,57 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланып отыр.