Экология министрлігі Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын растады

19.10.2021 Қоғам
4
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің тереңдігі төмендеп жатқанын жоққа шығармады.  Министрлік мәліметінше, теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендеген және төмендеу жалғасып жатыр. Түбі көрінген қарт теңіздің видеосы туралы Lada.kz жазды.
Әлеуметтік желі қолданушылары Каспийдің таязданып қалған видеосын бөлісуде. Кадрдан балықшылар қайығы тұрған суда теңіздің түбі көрінетінін байқауға болады. Ведомство видео солтүстік-шығыс Каспий маңындағы ойпатта түсірілген деген болжам жасады.

Сонымен қатар министрлік "Қазгидромет" теңіз бұдан да таязданатыны туралы болжам жасағанын атап өтті.