Испаниядан Қазақстанға 150 ден астам адам келді

28.03.2020 Қоғам
5
фото: СІМ баспасөз қызметі 28 наурызда Қазақстанның 44 азаматы (көпшілігі студенттер мен бірнеше бала) «Belavia» әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып кетті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып келген. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінбек.