Хакерлер Қазнетке шабуыл жасады
28.09.2022
Қоғам
4
Интернеттің қазақстандық сегментіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр. Бұл жөнінде "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мәлімдеді.
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты деп болжап отыр.«Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнеттің инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуыл салдарынан интернет байланысында іркіліс болып жатыр», - делінген хабарламада.