Елорда мектептеріне танымал тұлғалардың есімі берілді

07.02.2024 Қоғам
5

Астана әкімдігі қаладағы бірқатар мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілгенін мәлімдеді.

Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:

№20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың есімі берілді.

№27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтың есімі берілді.

№38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтың есімі берілді.

№64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді.

№94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді.

№89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының есімі берілді.

№44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

№24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді.

№59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді.

№34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді.

№63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі берілді.