Электронды сандық қолтаңба кілтінің қолданыс мерзімі 3 жылға дейін ұзаруы мүмкін
21.05.2018
Қоғам
4
Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2017 жылдағы жұмысының қорытындылары және 2018 жылға арналған жоспарлары туралы баспасөз конференциясы өтіп, оған компания басшылар қатысты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – еліміздің барлық облыстарында қызмет ететін үлкен ұйым. «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы және болып табылады және де МО 54 ақпараттық жүйесіне (соның ішінде 13 өңірлік), ЖАО-ның 8 жүйесіне, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады екен.
Бүгінгі күні 157 ақпараттық жүйе арасында олардың ішіндегі 1200-ден астам интеграциясымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылған. Сонымен бірге, компания МО 296 интернет-ресурсын сүйемелдейді және де мемлекеттік деректер қорларының қауіпсіз сақталуына жауапты.
Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті, локальды және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету шеңберінде «ҰАТ» АҚ 11 мыңға жуық (10982) ІР VPN байланыс арнасы мен 1,7 мыңнан астам (1783) Интернет желісіне қол жеткізу арнасын сүйемелдеумен де айналысады.
Қосымша компания бейнеконференц байланысты (БКБ) және ҚР Үкіметінің (ОТ) мәжілістер мен отырыстарды, халық алдында орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының есептік кездесулерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ҚР Парламенті Палатасы мәжілістерінің онлайн-трансляциясы, Үкіметтік «сағаттар", ҚР ПМК, ҚР АКМ және ҚР ОКҚ мәжілістерінің брифингтері ұйымдастырылуда.
Егер статистика туралы айтатын болсақ, онда 2017 жылы БКБ және ОТ 1128 сеанстары көрсетілді.
Салыстырғанда:
- 2017 жылғы І тоқсанда – БКБ және ОТ 230 сеансы;
- 2018 жылғы І тоқсанда – БКБ және ОТ 327 сеансы, яғни БКБ және ОТ қызметтеріне қажеттілігінің орташа өсуі жылсайын 42% жоғарылады.
- ашық деректер жиынтығы 2828;
- 25 492 жобаның НҚА (нормативтік-құқықтық актілер);
- 26 357 бюджеттік бағдарламалар және 7 408 материалдар олардың орындалуы туралы (аудит + қаржылық бақылау);
- мемлекеттік органдардың 63 бюджеттік есептері.