Елдегі электр желілерінің 66 пайызы тозған

20.12.2022 Қоғам
5
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында электр қуатының шекті тарифін инфляция деңгейінде индекстеуді ұсынды.

Осыған байланысты министрлік жергілікті атқарушы органдарға шұғыл жүйелік шараларды қабылдауды ұсынып отыр, деп жазды ҚазАқпарат.

«Бұрын бөлінген жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек. Иесіз электр желілерін анықтау және оларды коммуналдық меншікке қабылдау, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу және осы объектілерді энергия беруші ұйымдардың теңгеріміне одан әрі беру жұмысын жандандыру қажет», - деді министр.