Елде баласын жалғыз тәрбиелеп отырған 400 000 ана, 60 000 әке бар
14.01.2019
Қоғам
7
Қазақстанда баласын жалғыз тәрбиелеп отырған 400 000 ана, 60 000 әке бар. Ата-анасы ажырасқан балалардың құқығы әлемдік практикада қалай реттелетіні туралы Астана қаласында «Қазақстан әйелдері Ассосациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада айтылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда неке бұзылғаннан кейінгі балалардың тұратын жері мен ата-анасының біреуінің баламен қарым-қатынас уақытын анықтау туралы дау айтарлықтай өршіп тұр. Бала анасымен қалған жағдайда аналар сот шешімін бұзып, баласының әкесімен кездесу тәртібін бұзып, кездесуге тыйым салатын жағдайлар көптеп кездеседі. Тіпті, кейбір балалар ата-аналарының ажырасып кеткенін байқамай да қалады. Психологқа «Анаммен бірге үйден кеткенімді білем, содан кейін әкемді көрген жоқпын» дейтін балалар бар және олар қандай жағдай болғанын кеш түсініп, ұзақ уақыт өткеннен кейін күйзеліске түсуі мүмкін.
«Келешек» психологиялық орталығының директоры, жоғары санатты психолог, Астана қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Наталья Семененко бұл жағдай әлемдік практидада қалай реттелетініне қатысты шолу жасады.
Қазақстан
Сот баланың ата-анасы мен аға-бауырларының қайсысына жақын екенін, жас ерекшелігін, ата-анасының адамгершілік қасиетін, баламен қарым-қатынасы қандай екенін ескереді.
Әкенің баласы кіммен тұратынын анықтау туралы арызы сегіз жағдайға байланысты қаралады:
- ананың қоғамдық өмір салты;
- алкоголизм, нашақорлық;
- сотты болған-болмағандығы;
- балаларымен бірге тұруға кедергі келтіретін ауыр дерт;
- балаларына қатысты күш көрсету;
- ата-аналық міндетін орындамау (балаларын басқа адамға қалдырып кету, мектепте апармай және т.б);
- балаларымен бірге тұруға және тәрбиелеуге жағдайы болмауы;