"Ел тірегі" деп жүрген экс-депутат қамауға алынды
07.06.2023
Қоғам
6
Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен растады.
Еске сала кетейік, 2020 жылы Нұржан Әлтаев сол кездегі «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын. Нұржан Әлтаев әр жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.Иә, оның (Нұржан Әлтаев – arasha.kz) аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
arasha.kz
ФОТО: turkystan.kz