Елімізде ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

15.02.2024 Қоғам
5

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты.

Оның айтуынша, еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі. Биыл тағы 1 800 шақырымды жаңа учаскеге ақылы жүйе енгізіледі. Сондай-ақ ол тарифті арттыру жағы қарастырылып жатқанын айтты.

«2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда - 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде - 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», - деді министр.

Оның айтуынша, тарифтің көтерілуі жолды күтіп ұстаудың сапасын арттыруға жаңа техника сатып алуға жағдай жасайды.