Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар
24.02.2021
Қоғам
7
Қазақстандағы ең көп зейнетақы мөлшері белгілі болды. Елімізде айына 522 610 теңге зейнетақы алатындар бар.
2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
Оның ішінде:
- Біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 9,1 миллиард теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 6,5 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,9 миллиард теңге;
- тұрақты тұруға кетуге байланысты - 2,1 миллиард теңге;
- жерлеуге төленетін төлемдер - 0,4 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер - 0,2 миллиард теңге.