«Ел ертеңіне» 233 қатысушы өтініш берді

27.10.2022 Қоғам
4
20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына байланысты «Ел ертеңі» қоғамдық қоры арнайы іс-шаралар өткізуді қолға алды. Оның ең бастысы – бақылаушылар тобын даярлау болмақ. Қоғамдық қорына қазірдің өзінде 233 қатысушы өтініш беріп үлгерген. Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Талғат Жанысбай өзінің Facebook-тегі парақшасында азаматтарды сайлаудың өтуіне белсене ат салысуға шақырды.

Алдағы сайлауға «Ел ертеңі» қоғамдық қоры атынан бақылаушы болуға шешім қабылдағандардың бірі – Азамат Жолданбаев. Тәуелсіз бақылаушылардың сайлауда рөлі ерекше екенін айтқан ол азаматтарды белсенді болуға үндеді.

«Алдағы сайлау – билік құрылымдары мен халық арасында кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін негізгі механизм. Сайлау саяси және құқықтық жүйеге, тұтастай алғанда, қоғамда тұрақтылық орнатуға мүмкіндік береді деген сеніммен, жастардың бастамашыл тобын ұйымдастырып, алдағы сайлауда бақылаушы болуға бел будық. «Ел ертеңі» қоғамдық қорының атынан жұмысымызды бастап кеттік», – деді Азамат Жолданбаев.

Тәуелсіз бақылаушы қатарына қосылу үшін Google формасын толтырып, сілтеме бойынша өтініш бере аласыздар: https://docs.google.com/forms/d/1_6GFGbewu1YFZYMnkCOTFkUJK7EbI_TMz9Pd8n-IiD8/edit Сондай-ақ Facebook-те өтініш жазу арқылы қосылуға: https://www.facebook.com/profile.php?id=100086129067005 Instagram: https://instagram.com/elerteniqq?igshid=NjZiMGI4OTY=