Динара Егеубаеваның "көлігін өртеді" деген күдіктілер ұсталды

16.01.2023 Қоғам
5
Полиция журналист Динара Егеубаеваның "көлігін өртеді" деген бес күдіктіні ұстады. Олар – кәмелет жасына болмаған жасөспірімдер.

Полицияның айтуынша, қазіргі кезде күдіктілерге бұлтартпас шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Тергеу жалғасады. Алматы полициясы сонымен бірге "тапсырыс берушінің кім екенін анықтап, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізіліп жатқанын" да хабарлады.

"Барлық дерек бойынша қосымша ақпарат тергеу толық аяқталғаннан кейін жарияланады. Тергеу ІІМ мен Алматы қалалық полиция департаментінің бақылауында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігінің артқы терезесін сындырып, кірпіш лақтырған, көлігіне от қойған.