Депутат біреудің атынан несие алатындардан сақтанудың жолын ұсынды

20.05.2021 Қоғам
4
Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан елімізде рәсімделген несиеден бас тарту үрдісін енгізу қахеттігін айтты. Ол осылайша қазақстандықтарды алаяқтардан қорғауға болатынына сенімді. Тұрғындардың арасында өзі рәсімдемеген несиені төлеуге мәжбүр адамдардың саны көбейген алға тартқан  депутат бүгінде мұндай бастама Ресейде көтерілгенін атап өтті. 

 

Жаңа заң бойынша азамат ерікті түрде несиеден бас тарта алады. Бұл дегеніміз егер қазақстандық өзінің атына басқа біреудің рәсімдеген несие жайлы бірнеше айдан кейін білсе, онда оның бұл қарызды төлемеуге құқығы болады. Қаржы ұйымдары да мұндай азаматтардан несиені өтеуді талап ете алмайды.