Дархан Қыдырәлі балалар омбудсмені Динара Зәкиевамен кездесті

04.08.2023 Қоғам
5
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездесті. Кездесу барысында бала құқықтарын қорғау, қоғамдағы балаларға қатысты қатыгездікті болдырмау бойынша ақпараттық жұмыстарды кеңінен жүргізу мәселелері талқыланды.

Ол соған байланысты баспасөз құралдарында бала құқықтарын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты.

Бұған дейін халықаралық сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен медиа-этика және балалардың құқығын қорғау тақырыбында кездесулер өткізіліп, нәтижесінде арнайы ұсынымдар әзірленген еді. Сонымен қатар министрліктің бастамасымен Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі арнайы нұсқаулық дайындалды. Сондай-ақ таяуда Түркістан облысында мемлкеттік органдардың, сарапшылардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Онда бұл мәселе бойынша нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынады деген ойдамыз. Бүгінгі кездесу аталған жиынның алдындағы кеңесу іспетті. Бұл бағытта Динара Болатқызымен алдағы уақытта да жүйелі түрде бірлесе жұмыс істей береміз деп сенеміз - деп жазды министр өз парақшасында.

Arasha.kz ФОТО: дереккөзден