Дәрігерлер «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайды
24.02.2023
Қоғам
5
Бүгін «Amanat» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Анар Шамшадинова, Шолпан Лазерқызы, Нұрбол Оқуов, Марат Абзал, Владислав Трифонов, Мұрат Сауғабаев, Дмитрий Донских Ақтау қаласында орналасқан «Сенім» емханасының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ақ халаттылардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
«Amanat» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Анар Шамшадинова өңір үшін «Сенім» емханасының әлеуетінің жоғары екенін алға тартып, партияның сайлауалды бағдарламасында медицина саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.

Жиында сөз алған емхана қызметкерлері өздеріндегі бірнеше мәселені тілге тиек етті. Мәселен, «Сенімге» қоғамдық көлек қатынамайды. Сел себепті емделушілердің де, қызметкерлердің де емханаға қатынауы қиын. Сол үшін аялдама қажет. Сонымен қатар «Сенімнің» бас дәрігері Ерке Төлегенова дәрігерлерге үй алу мәселесін шешуді сұрады.
-Ұлттың денсаулығы үшін, қоғамның салауатты өмірі үшін қызмет жасап жүргендеріңізге алғыс айтамын! Әріптестерім сайлауалды бағдарламаның маңызды тұстарын айтып өтті. Сайлауалды бағдарламаның ерекшелігі - әр өңірдің мәселелері ескеріліп, жеке-жеке даярланды. Сіздер көтеріп отырған мәселелердің басым көпшілі сайлауалды бағдарламада ескерілген. Сондықтан сіздердің талап, тілектеріңіз алдағы уақытта ескеріледі, - деді кандидат Марат Абзал.Жиын соңында ақ халатты абзал жандар партияның сайлауалды бағдарламасына оң бағасын беріп, алдағы болатын өзгерістерге сенім білдірді. Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.