БҰҰ: Әлемде миллиондаған адам қатты аштық пен өлімге душар болады
13.03.2021
Қоғам
4
Біріккен ұлттар ұйымы әлемде аштықтан азап шегетін адамдар саны көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымның бас хатшысы Антониу Гуттереш тұрақсыздықтың салдары 2021 жылы да күтілетінін жеткізді.
РИА Новости мәліметінше, Антониу Гуттереш әлемде 150 мың адамның аштықтан өлу қаупі бар, 16 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығына тап болуы ықтимал деген болжам жасады. Ол Йемендегі бес жылдық қақтығыстарға байланысты төрт миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын еске салды. Осыған байланысты биыл Йемендегі 2,3 миллион бала аштықтан зардап шегуі мүмкін. Бас хатшы әлемде аштықтың алдын алу бойынша жұмыс тобын құрғанын хабарлады.