Боранбаев босатандыққа шықты

06.11.2023 Қоғам
5
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК хабарлады. 2023 жылы 6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді – делінген хабарламада.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

Arasha.kz

ФОТО: Владислав Воднев