Болат Назарбаевтың қазасы Үкімет отырысын кейінге шегеруге себеп болды

14.11.2023 Қоғам
5
Болат Назарбаевты соңғы сапарға Шамалғанда шығарып салды. Бұл туралы chinovnik_kz телеграм арнасы жазды. Жерлеуге тұңғыш президент, марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Әнипа, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов, «Антикор» ұйымының экс-төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты. Марқұммен қоштасу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың да қатысуына байланысты бұған дейінгі дәстүрге айналған Үкімет отырысы ертеңге шегерілді.

Arasha.kz

ФОТО: Әмірболат Құсайынұлы