Болат Назарбаев Қырғызстанға өтіп, Дубайға ұшқан
12.01.2022
Қоғам
8
Болат Назарбаев Қазақ-Қырғыз шекара бекетінен өтіп, Дубайға ұшқан. Бұл туралы қырғызстандық 24.kg ақпарат агенттігі әлеуметтік желіде пайда болған құжатқа сілтеме жасап, хабарлады.
24.kg хабарлауынша, Болат Назарбаев 2022 жылдың 6 қаңтары күні сағат 5.36 да көлікпен Қырғызстанға өткен.
[caption id="attachment_32517" align="alignleft" width="319"]
фото: 24.kg[/caption]
24.kg өз дереккөзіне сілтеме жасап, Болат Назарбаевтың «Ақ-Жол» (Қырғыз) — «Қордай» (Қазақ) шекара бекетінен өткенін нақтылайды.
«Болат Назарбаев Қырғыстан территориясына 6 қаңтарға өткен және сол күні "Манас" әуежайынан Бішкек - Дубай бағытына ұшып кеткен», — деп дереккөзіне сілтеме жасап, 24.kg жазады.
