Билік ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді

15.05.2019 Қоғам
8

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру  өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі "Ақ жол" партиясының 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін "Алашқа тағзым" атты бейбіт шеру өткізу жөніндегі өтінішін қанағаттандырмай, шеруге рұқсат бермеген.

Ал 9-мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған адамдарды еске алуға арналған "Бессмертный полк" маршы өткен еді. Бұл марш жергілікті әкімшіліктер қолдауымен өткен және ІІМ марштың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.