Билет бағасын өсірген әуе компаниясына айыппұл салынды

09.06.2023 Қоғам
6
Халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде (жазғы демалыс кезеңінде) қатты сынға алуы аясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді.

2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды - делінген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі таратхан хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Arasha.kz

ФОТО: abilet.kz