Бензинді толық құймағаны үшін "ГАЗПРОМНЕФТЬ-Қазақстан ЖШС 3 млн теңгеге айыппұл салынды
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізгендерін мәлімдеді.
Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында № 1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында 100 мл -ге аз толтыпылған. Бұл стандарттарды бұзу болып табылады.
Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компания" ЖШС № 132 ЖЖҚС-ға жіберуді бақылау белгіленген тәртіппен сенім білдірілген және 2025 жылғы 24 сәуірге дейін қолданыста болған М2р-20 металл эталондық өлшеуішті пайдалана отырып жүзеге асырылған.
«Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының бұзылуы анықталды. "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.