Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімдерін жариялады
Сондай-ақ Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұранысты Қырғызстан тарапы жүзеге асырған. Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланған. Алаяқтық жолымен 288 млн. теңгені ұрлық жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берген. Оған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізуде, оған Бас Прокурор басшылық жасады.
«Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша шаралар кешенін қамтитын заң жобасы әзірленіп жатыр”, - делінген хабарламада.