БАҚ туралы заң. Мемлекеттік тапсырыс арқылы субсидия және грант берілуі мүмкін
Заң жобасында журналист мәртебесі, ерекше төтенше жағдайларда журналистердің кәсіби қызметін атқару қамтылды. Әскери журналистика, дау-жанжал журналистикасы сынды салаларды дамытуды ұсындық. Өйткені журналистерді арнайы дайындықтан өткізу керек. Пресс-карталар да бар. Пресс-карта қосымша тетік ретінде қолданылып, мәселен, аккредиттеусіз мемлекеттік органдарға бару сынды сәттер қаралады. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік тапсырысты біз грант және субсидиямен өткізгіміз келеді. Субсидияда сіз ақшаны бересіз, олар өздері алып кетеді. Ал грантта қаржыны ұсынып, жобасын ұсынуын талап етесіз. Ертең контентті жасаған БАҚ құқықтарын өздеріне қалдырады. Нарықта көрсетілімін сатып, монетизация жасауға болады. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді, - деді Жасұлан Өмірәлиев.