BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл
25.11.2020
Қоғам
4
BAQ.KZ ақпарат агенттігі мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.
BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.
Ақпараттық агенттік еліміз бойынша тек қазақ тілінде ақпарат тарататын жалғыз медиа.
Ақпарат агенттігінің басты мақсаты:
Интернет желісінде қазақтілді БАҚ-тың ықпалын күшейту;
Қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын жоғарылату;
Қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру;
Қазақстандағы лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің бірегей анықтамалығы.
BAQ.KZ AWARD 2014 сыйлығының «Үздік масс-медиа» номинациясының ІІІ орын жеңімпазы.
BAQ.KZ сайтында тәулігіне 100-ге жуық ақпарат жарияланады, оның 40-қа жуығы агенттіктің өз өнімі. Толығырақ тоқталар болсақ:
- сайтта қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерделенген толыққанды материалдар;
- өз ісінің хас шеберіне айналған тұлғалар туралы «Профессионалдар» атты тұрақты айдар;
- «Бәрінен де сен сұлу», «Не әңгіме?» және «Жанкүйерлер» атты подкасттар;
- Сондай-ақ екі мультимедиалық жоба: