Балабақшаларды лицензиялау: Қазір балабақша ашуға бірыңғай талап жоқ
Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақша. Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар (жылына 10-15 балабақша). Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақша өтеді. Балабақшаларды лицензиялау көптеген елде қолданылады. Олардың арасында Германия, Аустралия, Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, Ресей және т.б. бар. Мысалы, Германияда, Аустралияда және Канадада балалардың жағдайына қауіп төнсе немесе ұйымның жұмысы сапа стандарттарына сәйкес келмесе, онда лицензия қайтарып алынуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлер де, балалар мүддесі басымдыққа ие жеке білім беру ұйымдарының бірлестіктері де балабақшаларды лицензиялауды қолдап отырғанын ескерте кетейік. Кәсіпкер Динара Құдайқұлова балабақшалардың қызметі реттелмегенін айтып отыр.
«Балабақшалардың 93%-ы мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік қаржыландыру) алады. Балабақшаның иесі ретінде балаларды оқытып жатырмыз ба, қалай оқытамыз, оларды қалай тамақтандырамызды ешкім білмейтінін айта аламын. Ата-аналар бізге сенеді, бірақ бақылау жоқ. Бұған 10 жыл бойы барлығы бой үйретіп алған. Бірақ оның салдарын көріп отырмыз. Ал қазір ешкім бақылау жүргізілгенін қаламайды. Олардың қатарында мен де бармын. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, мен үш баланың анасымын. Бүгін мен балабақша жұмысымен айналысып отырмын, бірақ ертең мұндай жұмыс істемеуім мүмкін. Ал немерелерім қандай балабақшаға барады? Балалар жылында келер ұрпақтың болашағын ойлауымыз керек. Ваучерге келетін болсақ. Неге балабақша құрылтайшылары ата-аналарды ақымақ көреді? Неліктен кейбіреулер ата-аналар өз қалтасынан төлей алмайды деп ойлайды. Неге олар ата-аналарға ақша бергісі келмейді? Біз онлайн несие аламыз, коммуналдық төлемдерді, айыппұлдарды және т.б. төлейміз. Балабақшалардың құрылтайшылары ата-аналар ваучер жүйесін пайдалана алмайды деп ойлай ма? Бұл қаржыны бөлудің ашықтығы», - дейді «Әділет» республикалық мектепке дейінгі және орта білім беру қауымдастығының төрағасы Динара Құдайқұлова.