Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр

19.09.2019 Қоғам
4

Әлем елдеріндегі бақыттың рейтингін шығаратын зерттеушілердің дерегі бойынша World Happiness Report  Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр.

Жалпы рейтинг 156 мемлекет арасында жүргізілген. Соның ішінде 1 орында, Финляндия тұрса, алғашқы үштікті  Дания мен Норвегия алады. 4 орында Исландия, ал Нидерланды 5 орынға жайғасыпты. Сосын Швейцария, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Австрия үздік ондыққа кіріпті.

Ал 60 орында тұрған Қазақстанның алып отырған бағасы - 5,809.

Қазақстанның статистика комитеті де "Халықтың өмір сапасын" анықтайтын есеп жүргізеді. Бұл есеп бойынша халқымыздың  60% өз өміріне риза.

Бақыттың халықаралық есебі осымен жетінші рет шығарылып отыр. Ең алғаш мұндай есеп 2012 жылы құрылған. Зерттеушілер халықтың бақыт өлшемін бірнеше факторлар арқылы анықтайды  екен. Олар: билік пен бақыт қарым-қатынасы, әлеуметтік мінез, ақпараттық технологиялардағы өзгеріс.