Бірыңғай уақыт белдеуіне өтуге байланысты eGov.kz порталы қолжетімсіз болуы мүмкін
27.02.2024
Қоғам
5
Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.
Осы уақыт аралығында келесі жобалар:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- egov mobile мобильді қосымшасы;
- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;
және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.