Білім беру саласының өкілдеріне «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
Соңдай-ақ, кандидат кездесуге қатысушыларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары туралы айтып берді.«Білім беру сапасын жақсарту үшін біз Петропавл қаласында «Копай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағын аудандарындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салуға ұмтылатын боламыз. Сондай-ақ, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», - деді Нұрлан Айманов.
«Партия «Береке» және «Жас Өркен» шағын аудандарында емханалар құрылысын аяқтауға және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыруға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кадр тапшылығы 208 адамды құрайды. Біз денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге ниеттіміз», - деп атап өтті Нұрлан Айманов.
