Қаза болған балалардың ата-анасының төрт бірдей несиесі болған
04.02.2019
Қоғам
4
Ержан Жанабаев есімді қолданушы өзінің фейсбук парақшасында Астанада өрттен қайтыс болған бес баланың отбасы тұрған "времянканы" видео түсіріп, жариялады.
[embed]https://www.facebook.com/100009143691753/videos/pcb.2184669675181134/2184664625181639/?type=3&theater[/embed]Видеода көрінетіндей "времянка" үлкен үйдің есік алдындағы қораға ұқсайды. Желі қолданушының жазуынша, отбасы 10 кв.метр аумақша тұрған және төрт бірдей несиесі болған. Сол несиені төлеп, балаларды асыру үшін ерлі-зайыптылар күні-түні жұмыс істеген. Сондай-ақ, Ержан Жанабаев балаларды жерлеу рәсімі ертең сағат 11 де, Көкталда өтетін де хабарлаған.