Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр
Қазақстандық баспалардың бірі балаларға арнап қазақ тілінде қытай ертегілерін басып шығарған. Ол ертегі кітапшаларда балаларға арнайы қытай тілін оқып-үйренуге арналған сабақтары да бар. Ертегі бірінші қазақ тілінде жазылған, содан кейін «Қытай тілінде оқып-үйренейік» деген жеке бөлімде ертегі қытай тілінде жазылып, оқылуын латын қаріптерімен көрсеткен.
[caption id="attachment_3015" align="alignnone" width="413"]
Кітапша түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Біздің қолымызға түскен кітапшада ертегінің мазмұнына қарай қытайлардың ұлттық киімдерін киген кейіпкерлерінің суреті бейнеленген, кейіпкерлердің аты-жөндері Лу Сю, Жугы Ляң, Цау Цау деген сияқты қытай есімдері.
[caption id="attachment_3016" align="alignnone" width="421"]
«Фолиант» ЖШС баспасынан бұдан да басқа қытай ертегілері басылып шыққан екен: «Айдаһар әміршісі», «Қоңырау ұрлау», «Ештен кеш жақсы», «Темір таяқтан тебен жасау» секілді бірқатар ертегілер бар.
Балжан Жеңісқызы, arasha.kz