Ауызсуға бөлінген 330 млн теңге желге ұшты

10.09.2022 Қоғам
4
Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылын таза сумен қамтуға жұмсалған 330 млн теңге желге ұшты. Atameken Business-тің мәліметінше, елдімекенге екі жыл бұрын тартылған су құбыры қазір жарамсыз. Тапсырыс беруші тарап мердігерді сотқа бергенімен жеңіліп қалған. Ал жауапты шенділер ауылға енді қашан су берілетінін нақты айта алмайды.