Астанада спортты дамыту дирекциясында 40 миллион теңгеден астам қаржы ұрланған
11.07.2024
Қоғам
6
Астана қаласы "Олимпиадалық емес спорт түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.
«Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.