Астанада бейбіт жиын өткізетін тағы бір орын пайда болды
25.01.2024
Қоғам
6
Енді астаналықтар Сарыарқа даңғылының шығыс жағындағы скверде 300 адамға дейінгі жиындарды өткізе алады.
Астанада мына орындарда бейбіт жиындарды өткізуге болады:
- Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверде (1000 адамға дейін);
- цирк жанындағы «Астана» алаңында (1000 адамға дейін);
- «Жерұйық» саябағының солтүстік-шығыс жағындағы 28 панфиловшылар ескерткішінде (200 адамға дейін);
- жазушылар аллеясынан Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверге дейін (1000 адамға дейін);
- Сарыарқа даңғылындағы скверде (300 адамға дейін).