Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

18.01.2023 Қоғам
5
18 қаңтар күні Астана маңында парашютпен секіру тапсырымасын орындау кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, әскери қызметші әскерге 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған.

«Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданады», - дейді Талғат Қойбақов.