"Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды
10.03.2023
Қоғам
6
"Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Агенттік ұсынған мәлімет бойынша, Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында "Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.
Тараған ақпаратқа сүйенсек, параны "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С.Карлова жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық беруі және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін берген.
Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды."3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.