«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы жарылысқа қатысты 30 адам күдікке ілінді

23.11.2022 Қоғам
4
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3 қараша күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында болған төтенше жағдайды тексерген үкіметтік комиссияның жұмысы аяқталғанын мәлім етті.

Оның айтуынша, қауіпті учаскеде осындай жағдайларды болжау штатында тиісті тау шеберлері жетіспейді, деп жазды Азаттық рухы.

«Штатта іс жүзінде 13 адам болған, ал, есеп бойынша 25 адам жұмыс істеуі керек еді. Соның салдарынан, ұңғымаларды бұрғылаған кезде инженерлік-техникалық жұмыстар қызметіне сапалы бақылау жасалмаған. Екіншіден, Аэрогазбақылау қызметінің штатында жер асты электр слесарлары аз. Іс жүзінде 16 адам жұмыс істеген, ал, заң бойынша 25 адам болу керек еді. Осының салдарынан газдан қорғау датчиктерінің жұмысы дұрыс қадағаланбаған», - деді министр.

Комиссия сондай-ақ, бұл апатта жұмысшылардың кінәсі нол пайыз екенін, ал жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз екенін анықтап отыр.

«Комиссия ҚР еңбек кодексін, сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді бұзған бір топ жауапты тұлғаларды анықтады. Ленин шахтасындағы апат материалдары заңға сәйкес, бақылаушы және құқық қорғау органдарына жіберіледі. Материалдарды бүгін тапсырамыз», - деп мәлім етті ТЖМ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Ленин шахтасында болған апаттан алты кенші көз жұмған болатын.