"Ақкентте" тұрғындарды құтқарған қарапайым азаматтар марапатталды

11.08.2023 Қоғам
6
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға ат салысқан қарапайым азаматтар марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды: «Ерлігі үшін» медалімен: 1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы; 2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы; 3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы; 4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы; 5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы; 6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 1 тамыз күні кешке "Ақкент" тұрғын үй кешенінде өрт шығып, құтқарушылар келгенше қарапайым адамдар тұрғындарды өрттен құтқарып қалған болатын.

Arasha.kz

ФОТО: yandex.kz