«AMANAT»-тың өкілдері ХҚКО қызметкерлеріне көші-қон мәселесін қалай шешуге ниетті екендіктері туралы баяндады
07.03.2023
Қоғам
5
«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Әсем Рахметова, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді.
Мекеме қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында Әсем Рахметова партияның халықтың көшіп кетуін азайтуға бағытталған бастамалары туралы айтты.
Әңгіме барысында ХҚКО қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Аймақты газдандыру тақырыбын талқылау үлкен қызығушылық тудырды.
«Өңірді газдандыру мәселесін шешу біздің бағдарламамызда қарастырылған. Осы бағытта партия газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге және Астана-Көкшетау – Петропавл бағыты бойынша «Сары-Арқа» жобасын одан әрі іске асыруға ұмтылатын болады», - деді Галина Семенова.Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар ХҚКО қызметкерлерін 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.