«AMANAT» партиясының өкілдері зауыт қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді

10.03.2023 Қоғам
6
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ерлан Тоқшылық және Владимир Витченко Петропавлдағы Киров атындағы зауытта үгіт-насихат кездесуін өткізді. Сайлауалды бағдарлама туралы айта келе, партия өкілдері «AMANAT»-тың еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарының қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жоспарларына назар аударды.

Одан әрі кездесу «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Зауыт жұмысшылары жалақыны арттыру, әлеуметтік жәрдемақылар, тұрғын үйге қолжетімділік және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту тақырыптарына қызығушылық танытты.

«Бірінші кезекте, партия «Береке» және «Жас Өркен» шағын аудандардағы екі емхананың құрылысын аяқтауға ықпал ететін болады. Біздің жоспарымызда - денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру, жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру, медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдер бөлу шаралары бар. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешуге және денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Владимир Витченко.

Зауыт жұмысшылары партияның сайлауалды бағдарламасын ынта-жігермен қабылдады, өйткені оларды толғандыратын көптеген тақырыптар осы стратегиялық құжатта қарастырылған. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.