«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

16.01.2023 Қоғам
5
Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады. Келесі адамдар іздеуге жарияланды: - Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. - Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды. - Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. - Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижелері кейінірек хабарланады.