Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

09.12.2022 Қоғам
5
9 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. "Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын" – деп жазылған Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта. Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген. Білімі: А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. Еңбек өтілі: 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен; 2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады; 2008-2010 жылдары — "Алаш Медиа Групп" ЖШС бас директорының орынбасары; 2010-2012 жылдары Президент әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі. 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2019 жылдың 13 маусымнан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.