Алматыдағы шеруге адамдар Сталин мен Берияның суретін ұстап шыққан

09.05.2022 Қоғам
4
Алматыда өткен "Батырларға тағзым" шеруіне қатысушы кейбір азаматтар Сталин мен Берияның портреттерін ұстап шыққан. Бұдан өзге совет өкіметінің туын көтеріп шыққандар да бар. Алматыда 9 мамырда "Батырларға тағзым" шеруі өтіп  оған мыңдаған адам қатысқан. 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, адамдар соғыс жылдарындағы әндерді шырқаған. Сондай-ақ концерт қойылып, ардагерлерге түскі ас ұйымдастырылған. фото: Күлтегін Аспан, orda.kz