Алматыдағы концерт кезінде 94 мың түп гүл талқандалды

19.09.2022 Қоғам
4
«Астана» алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген. Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылдған. Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталып кеткен. - 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер, - 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер, - 117 шаршы метр раушан гүлдер. Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.