Алматыда жойқын жер сілкінсі болса үйлердің 30%-ы қирайды

23.02.2023 Қоғам
5
Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, осындай болжамымен бөлісті.

«Алматыда қатты жер сілкінсе, ғимараттардың 60 пайызы құлайды деген пікірлерге не айтасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып вице-министр ТЖМ-ның болжамын жария етті, деп жазды , деп Azattyq Ruhy.

«Ғимараттардың 60 пайызы қирайды деген пікірмен келіспеймін. Бірақ, болжам бойынша егер Алматыда 9 балдық жер сілкінісі тіркелсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін», - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда жер сілкінді.