Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды

02.04.2021 Қоғам
4
Алматы қаласында 31 сауда және ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері ашылатыны хабарланды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Лаура Мырзағали Алматыдағы вакцина егуге болатын сауда орталықтарын атады.  «Алатау ауданында «Бақорда» сауда-ойын-сауық орталығын қарастырудамыз. Әуезов ауданында - Спутник, Гранд Парк, Мәскеу, Азия паркі. Бостандық ауданында - ADK, Mega Center Алматы, Esentai mall, Форум, Атакент сауда орталықтарында екпе жасата аласыз. Жетісу ауданында - Максима, Мерей, және Адем. Медеу облысында - Достық Плаза, GUM. Түрксіб ауданында - Наурыз сауда орталығы», - деді Лаура Мырзағали. Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда алматылықтарға сауда ойын-сауық орталығы мен базарларда екпе жасалатыны белгілі болды.