Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды

03.05.2023 Қоғам
5
Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде "QaztiQet" ЖШС DamuBala жүйесін әзірлеушілер жазды. "15 000 ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды. Бүгін, 3 мамыр күні, сағат 18:46-да Алматыда кезекке тұрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың келісімі бойынша тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің жоспарланған лимиті 15 мың орынға дейін көбейді", - деп жазды әзірлеушілер. Енді қаланың әр ауданындағы ваучерге қажеттілікті бағалағаннан кейін кезекке тұру қайта ашылады. Екінші кезеңнің басталу уақыты туралы әзірлеушілер қосымша осы аптада хабарлайды!