Алматыда студенттер метро мен саябақта түнеп жүр ме?
06.09.2022
Қоғам
4
Бұған дейін әлеуметтік желіде үй-күйсіз жүрген жастардың далада түнеп жүргені туралы ақпарат тараған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған Алматыдағы студенттер далада қонып жүр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылатыны айтылған.
«Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», - делінген министрлік хабарламасында.