Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған

19.01.2023 Қоғам
6
Алматы әкімі Ерболат Досаев «ArtSport» бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келгенін жазып алатын арнайы QR-код енгізіледі. Бұл туралы ол 19 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданында тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.

Әкім сол себепті баланың келуін жазып алатын арнайы QR-код енгізілетінін айтты, деп жазды Zakon.kz.

«Биыл Алматыда 16 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, қысқартылған жоқ, алты ауданның әрқайсысына 2 миллиард 350 миллион теңгеден бөлінді, балаларға мүмкіндік ашылды, бұған алаңдамаңыз»,- деді Ерболат Досаев.

Желтоқсан айының соңында ArtSport бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді. Бұған дейін Бас прокуратура 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасының ұрланғанын анықтаған болатын. Жемқор шенеуніктер іс жүзінде ешқайда кетпеген 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың схемасын әзірледі. Нақты қызмет көрсетуде де үлкен проблемалар болды.